Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева мен Бағлан Әбдрайымов ашық айқасқа көшті

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева мен әнші Бағлан Әбдрайымовпен арадағы болған түсініспеушілікке нүкте қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/baglan_abdraimov_official

Алдыңа келсе,атаңның құнын кеш деген. Алладан ұлық емеспіз. Мен ренжімедім, әшейін достық назым ғой егізім! Нағыз ер азамат осындай болу керек, қызды сыйлап, көпке үлгі болдың! Рахмет. Бір-екі күнде ем-дом жақсы натиже берсе, кездесерміз. Саған да сәттілік”, – деп жазба жариялады актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Қос әріптестің достығы мен сыйластығы жұртты сүйсінтпей қоймады.

“Қазақтың маңдайына біткен жұлдыз қызы”, “Дұрыс болды Бағлан ағаның солай дегені. Есесіне, күшті кино шықты”, “Қасиетті Разамазан айында кешірімді болыңыздар”, “Екеуі бірін-бірі жақсы түсінеді”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Бағлан Әбдрайымов Жұлдызайды киносына не себепті түсірмей қойғанын түсіндірген болатын.

 

Талқылау