Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алатын айлығымыз 42-47 мың теңге": Түркістан облысында 2500 тәрбиешілер жалақысыз қалған

Түркістан облысы Түркістан облысында шенеуніктердің кесірінен екі жарым мың тәрбиеші екі айдың жалақысынан қағылды. Келес ауданына қарасты 83 жекеменшік балабақшаға субсидия беруі тиіс жергілікті шенеуніктер қараша мен желтоқсан айына ақша аударылмайды деп кесіп айтыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Орташа жалақысы 42 мың теңгеден аспайтын қызметкерлер "белшемізден қарызға баттық" деп шыр-пыр. Келес ауданында орналасқан балабақшалардың 100-ден астам қызметкері айлық берілсін деп әкімшілік алдын тоздырған.

Бұл өңірдегі жекеменшік 83 балабақшаның 2 жарым мыңнан астам қызметкері қазан айының жалақысын бірер күн бұрын алса, шенеуніктер қараша мен желтоқсан айына "дәмеленбеңдер"деп қайтарыпты.

"Өз айлығымыз, білесіз бе, 42-47 мың теңге. Ал сәби бағушылардікі 38-37 мың теңге. Ол неге жетеді? Өзіңіз ойлаңыз, азық-түлік күннен-күнге қымбаттап жатыр. Несиеміз, бала-шағамыз бар. Олардың киімі, тамағы, дәрісі бар. Карантин дейді, өзімізді өріп шығартып жатыр көшеге. 42 мың теңге айлықтан әлденеге жиналады, газет, әкімшілік деп", - дейді тәрбиеші Гүлайша Битемірова, тәрбиеші.

Келес ауданының балабақшалары республикада бала басына субсидияны ең аз алатын өңір екен. "Шенеуніктердің кесірінен енді содан да қағылдық", - дейді. Жыл басында мекемелер әкімдікпен қаржыландыру туралы келісім-шартқа отырады. Бірақ қазан айында әкімдік келісім-шартты бұзбастан, балабақшаларды білім бөлімінің есебіне өткізе салған. Енді білім бөлімі де, әкімдік те қаржы жағына жауап бермейміз деп басын алып қашуда.

"Қараша-желтоқсанда, біз жыл соңына дейін ала алмасақ, қаңтарда облысқа өтеді екенбіз сонда екі айлығымыз  жоқ боп кетейін деп тұр. Сонда біз қайдан айлық аламыз? Банкрот болып отырмыз, жалға аламыз, салық бар, түкке төлей алмай, екі ай бойы есепшотымызды жауып та тастады", - дейді балабақша меңгерушісі Сафура Андабаева.

 Әкім орынбасары қарашаның айлығын келер аптаның дүйсенбісінен қалдырмай толық төлеуге уәде берді. Ал жыл бітуге бірнеше ай қалғанда 83 балабақшаны білім бөліміне неліктен өткізе салғанын шенеунік сол күйі түсіндіре алмады.

"Жыл басында жоспарланған кезде бізде кірістің бір-екі көзі орындалмай қалды. Өздеріңіз біліп отырсыздар, карантин кезінде салықтың көбіне оптимизация жасалғанда кәсіпкерлерге соның салдарынан кірістің кейбір түрі орындалмады", - дейді Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов. 

100-ден астам тәрбиеші жаңа жылға дейін жалақы түгел түспесе, білім бөлімі алдында тұрған мерекелік шыршаға дейін құлатып тастаймыз деп отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр