Ақтөбенің 4 тұрғыны ДАИШ-ті насихаттағаны үшін ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, Ақтөбенің төрт тұрғынын ұстады.
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі хабарлады.
«24 қарашада ҰҚК күштері ішкі істер органдарының қатысуымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша қозғалған іс аясында Ақтебенің төрт тұрғынын ұстады. Тінту кезінде олардан шолақ аңшы мылтығы мен оның патрондары, травмалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұнда ақпараттары бар әдебиет пен электронды тасығыштар тәркіленді» деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, қамауға алынған адамдар мерзімді түрде жиындар өткізіп, Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террорлық ұйымын қолдауды насихаттаған.
Тергеу-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жол полициясы киімін киген ер адам көшеде қайыр тілеп отыр (видео)
Сейсмологтар Алматыдағы ең қауіпті жер сілкінісі ошақтарын атады
Тойда «тауық биін» билеген ата мен әже жұртты күлдірді
Ақтауда әйелімді өлтіріп, мәйітін көшеге көмдім деген азамат кінәсіз деп танылып, ақталып шықты