Ақтөбелік шенеуніктер тасқыннан зардап шеккендерге ақша бөлуден бас тартты
Ақтөбеде облысында да, 43 ауылды су басу қаупі бар. Ол елді мекендерде қазір 12 мыңнан астам халық тұрады. Барлығы өзен бойында орналасқан. Сондықтан құтқарушылар тұрғындардың өздері қам-қарекет қылсын деп отыр. Шенеуніктер тіпті бау-бақша ұжымындағы үйлерді енді су басса шығынын өтемейміз деп алдын ала байбалам салуда. Бұл туралы КТК хабарлады.
Өйткені су басқан мыңға жуық шаңырақ бау-бақша ұжымында орналасқан. Сондықтан өкіметтен оларға шығынын қайтару қарастырылмапты. Тек әкімдік бірнеше отбасыға жер телімдерін бөліп берді. Соған тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың бірсыпырасы асарлатып жүріп үй салды. Қауіпті аймақта қалған өзге тұрғындарды шенеуніктер жаппай көшіреміз деп отыр. Қаланың басқа шетінен үй салып бермекші. Бірақ ол әрине тегін үлестірілмейді. Несиеге рәсімдейміз деген жоспарлары бар.
«Сол дайындалып тұрған участікке инженерлік-комуникация өткізуге қажетті жобалық-сметалық жобалар дайындалды. Үй салуға қажетті жобалар дайын. Қазір өзіміздің ұсынысымызды өкіметке бердік»,- дейді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.
Бүгінде 43 ауылды су басу қаупі бар. Былтыр су астында қалған елді-мекендерге биыл тағы қауіп төніп тұр екен. Әсіресе, Қарғалы, Сазды өзендерінің бойындағы үйлерге. Қыста ылғал аз түскенімен, тоң жібісе осы өзендердің арнасы көтерілуі мүмкін. Тұрғындарға құтқарушылар тасқынның алдын алуға өз күштеріңмен қам-қарекет етіңдер деп отыр. Өткен жылдан олардың да ауызы күйсе керек, суға жақын орналасқан, бау-бақша ұжымындағыларға шығын өтелмейтінін айтып байбалам салды.
«Шойын жолдың бойында отырып, пойыз өткеніне таң қалған адамдай болмайық. Өзен бойынан үй салған екен, оған қауіп болады. Саяжай аумағындағы баспаналар тасқыннан бүлінсе, негізсіз шығыны өтелмейді»,- дейді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Қасым.
Қазір бюджеттен 190 миллион теңге қарастырып қойыпты. Оған жанармай шығыны, құм толтырылған қаптар, басқа да керек-жарақ аламыз дейді әкімдіктегілер. Ал төтенше жағдай жариялана қалса аймақта 1 миллиард 67 милиион резерв ақшасы бар екен.
Ең бастысы, былтырғы тасқыннан соң өңірдегі бірқатар су қоймалары мен бөгеттер шамалы жаңаланып қалды. Сондықтан «Қазсушар» мекемесіндегілер жайбарақат отыр. Оған қоса қыста қар аз түсіп, су қоймалары толмаған. Ондағылар керсінше тоң жібісісе сол ылғалмен орнын толтырамыз деп отыр. Көктемде енді тіпті су қоймасынан өзендерге бір тамшы су жібермейді. Бұл да болса тасқынның алдын алуға сеп болады.
«Биыл біз екі ірі су қоймасынан ешқандай суды төмен ағызбай, соны жинап, өзімізде сақтаймыз деген болжамды айтайын деп отырмын. Олардың мөлшері өтен жылдағыға қарағанда 50 пайыздан төмен. 48,38,28 пайыз ғана»,-деді «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Бекзат Наметов.
Ақтөбеде қар еріп, тоңның жіби қоюына әлі ерте. Тек наурыздың жиырмасынан соң күн жылынады деп отыр синоптиктер. Оған дейін жауын жаумайды, керсінше айдың алғашқы он күндігінде аяз күшейеді дегенді айтты синоптиктер.
Жіберіп алмаңыз:
“Евразия” арнасы бас директорының орынбасары “Қалаулым” бағдарламасына айтылған сындарға жауап берді
Құтқарудан бас тартты: Қостанайлық қыз пәтерге құбыр арқылы көтерілмек болған
Оралдық әйел төрт баласын тастап, басқаға тұрмысқа шығып кеткен
Тасқынға байланысты Тұздыбастаудағы жағдай ушығып барады