Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел "инвестиция жөніндегі сарапшының" нұсқауымен 6 миллион теңгеден қағылды

Ақтөбеде 6 миллион теңгеден астам қаржы жоғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

алаяқКөрнекі сурет

55 жастағы әйелдің ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырған. Ол әйелге инвестиция арқылы ақша табуды ұсынды.

Ештеңеге күдіктенбестен, ақтөбелік жан телефондағы қосымша арқылы қаскүнем көрсеткен шотқа 6 700 000 теңге  ақша аударды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.



Естеріңізге салсақ, осыған дейін Алматыда жалған туристік жолдама сатқан ер адам ұсталған еді.

Талқылау