Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалған жолдама сатқан ер адам ұсталды

Арзан жолдама алып беремін деп алматылықтарды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

күдіктіСурет: Polisia.kz

Алматының 30 жастағы тұрғыны халыққа жалған туристік пакеттер ұсынып, талайды сан соқтырған.  2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың тамызына дейін ол кем дегенде 13 адамды алдап үлгерген. Алданған азаматтар полицияға арызбен жүгінген.

Бұрын туристік агенттікте біраз уақыт жұмыс істеген күдікті бұл кәсіптің қыр-сырын біліп, адамдарды сендіре алған.

“Тапсырыс берушілер” алданғанын жол жүретін күні түсінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық бұзушы ұсталды. Залал көлемі 36 миллион теңгеге жуықтаған. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде “Алаяқтық” ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Полицей қызметкерлері әлі де зардап шегушілер бар екеніне сенімді және нақты залал мөлшерін анықтау үшін оларды іздестіруде.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Алматыда жалған пәтер сатқан күдікті ұсталған еді.

Талқылау