Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде коммуналдық кәсіпорын ашық тұрған құдық үшін көлік иесіне 940 мың теңге төлейді

Ақтөбеде жеңіл көлік Тұрғындар қалашығы ауданында келе жатып, ашық тұрған құдыққа түсіп кетті. Автокөлікті жөндеу жұмыстарына 800 мыңнан аса қаржы жұмсалды. Көлік иесі коммуналдық кәсіпорынды сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазонға" сілтеме жасап. 

"Лада Веста" көлігі түн ауа Жеңіс даңғылымен келе жатқан. Көлік жүретін бөлікте құдықтың беті ашық жатқан. Көлік шұңқырға түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін мүлік иесі оны жөндетуге 848 мың теңге жұмсапты. Құдық "Aqtobe suenergy group" АҚ балансына қарайды. 
Әкімшілік сот бақылау құдықтарын ұстау ережесін бұзғаны үшін кәсіпорынға айыппұл салды. Ал көп ұзамай зақымдалған көлік иесі "Aqtobe suenergy group" АҚ-тың үстінен сотқа шағым түсірген.


"117 бас сиырын баққызып, 50 мың ғана берді": Алматы облысында жұмысшысын көлікпен қаққан фермердің әйелі оқиғаның мән-жайын айтты


Азаматтық сот әйелдің пайдасына шешілді. Судья Қалмұхамбетов "Aqtobe suenergy group" АҚ-ты арыз берушіге көліктің жөндеуіне 848 мың теңге, мемлекеттік баж салығы үшін мың теңге және өкілдің шығындар үшін 84 мың теңге төлеуге міндеттеді. Жауапқа тартылушының жалпы берешегі 940 мың теңгені құрады. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 06 Мамыр, 2022 14:51
Талқылау