AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"117 бас сиырын баққызып, 50 мың ғана берді": Алматы облысында жұмысшысын көлікпен қаққан фермердің әйелі оқиғаның мән-жайын айтты

Алматы облысында  9 қабырғасы сынып, ауруханада жатқан малшы жігіттің әйелі болған жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Нұргүл Тойлыбаева – сиыр баққан жігіттің әйелі. 44 жастағы қожалық иесі оларды 1,5 ай бұрын мал бағуға жалдаған. Ержан Қасенов есімді фермер малшыларына 120 мың теңге айлық және бір ешкі беріп тұруға уәде берген. Алайда 117 бас сиырын баққызған малшысына жалақысын жарытып төлемеген.

"Бізге ай сайын 120 мың теңге төлеп тұруға уәде бергенімен, бір жарым айдың ішінде тек 50 мың теңге ғана берді. Бізден басқа, 700 бас қойын бағатын өзге де жұмысшылары бар. Жұмысшыларын күнде боқтап, ұрып-соғады. Осы оқиға болатын күні қожайынымыз Ержан Қасенов көрші фазендадан мал әкелуге кеткен. Сол жақтан ішіп келіп, бізге тиісті. Әбден мазамызды алды. Қасында ағасы да бар еді. Ақыры күйеуіммен жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалды. Тіптен Ержанның ағасы да араша түскен жоқ. Мені де қуалайды. Бұлар әбден басынған соң біз 10 және 7 жастағы ұл-қызымды алып, жаяулатып жолға шықтық. Сол кезде соңымыздан ағасы екеуі қуып келіп, машинамен қақты. Мен балаларды джиптің жолынан алып үлгердім", –  дейді малшының әйелі Нұргүл Тойлыбаева.

Қорлық көрген ерлі-зайыптылар – Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылының жергілікті тұрғындары. Нұргүлдің айтуынша, бұл – бірінші рет болып отырған төбелес емес. Қожайынның қорлығы мен алдауына шыдамаған талай малшы қожалықтан қашып шыққан.

"Күйеуім Айбек Жолдыханға екі рет ота жасалды. Алдағы аптада тағы операцияға кіргізеді. Қазір аппарат арқылы ғана әрең тыныстап жатыр. Ешқайсысы кешірім сұрап келген жоқ. Керісінше, мені кешеден бері екі машианмен аңдып жүр. Ағасы 1973 жылғы, маған ұялы телефоныңды бер деп қоймай жүр. Ағасы бізге полицияны да, жедел жәрдемді де шақыртпай қуды. Мен қашып шығып, дәрігерлерді шақырдым. Күйеуім осылардан таяқ жеген өзге де жұмысшыларды трактормен жолға шығарып тастайтын. Айлығын ала алмай, жұмыстарын тегін істеп кеткен талай жұмысшы болды. Ұлым мен қызымның көзінше күйеуімді таяқтап ұрды. Кешірім бермеймін, жолдасым мүгедек болып қалса, балаларды қайтіп асыраймын?!" –  деп күйінеді жәбірленуші Тойлыбаева.

Алматы облыстық ПД мәліметінше, күдіктінің үстінен адам өлтіруге оқталу және қасақана ауыр дене жарақатын салу дерегі бойынша айып тағылған. Фермер екі айға қамауға алынды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр