Ақтөбеде кісі қолынан қаза болған Азия чемпионының туыстары тергеу қорытындысына наразылық білдірді
Ақтөбеде қаза тапқан Азия чемпионының туыстары істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, 18 жастағы Дәулет Хайрулланы осы жылдың ақпан айында жалдамалы пәтерде туған күнін тойлап жатқан кезде өлтірген. Оның денесін қала орталығында көліктен тапқан. Іс сотқа өткізіліп қойылған. Сотталушылар орындығында бір адам ғана. Жақындары қайғылы оқиғаға кінәлілер көп болғанына сенімді.
Тергеу мәліметтері бойынша, туған күнге жиналған қонақтар арасында жанжал басталған. Марқұм досына қолдау көрсетуге келген. Бірақ оған оқ атқан. Марқұмның туыстары сол кеште қарсыластар қару алуға тікелей итермелегенін айтады. Мұны оқиға куәгерлері де растайды. Бірақ белгісіз себептермен бұл нұсқаны ескермеді, дейді спортшының әпкесі Жадыра Айжанова.
"Олар куәгерлер, Дәулетпен бірге болған 8 жігіт. Олар егер азғырмаса, оған оқ атпаған болар еді дейді. Куәгерлердің айғақтарына сәйкес 3 адам күдіктілер қатарына ілінбеген. Істі тергеуге қайтарып, бәрін қайта қарауды сұраймын", - дейді Жадыра Айжанова.
-
Жүрегіне оқ тиген: Атырау облысында грэпплингтен әлем чемпионы қаза тапты
-
Қазақстандық әйел мемлекеттік қызметтен кетіп, 43 жасында әлем чемпионы атанды
Жасына қарамастан Дәулет спортта көп жетістіктерге жеткен. Оның жаттықтырушысы болашақ Азия чемпионы каратэ секциясына 7 жыл бұрын келгенін еске алады. Ақпан айының ортасында ол ел чемпионатында облыс атынан боз кілемге шығуы керек еді.
"Ол Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуі керек еді, чемпионаттан кейін әлем чемпионатына іріктелуі керек еді. Бәрі өз ізімен келе жатты, сосын мынадай болды", - деді марқұмның жаттықтырушысы Әлішер Құлынтай.
Қазір сотталушылар орындығында бір ғана адам бар. Қайғылы оқиғадан кейін ол өз кінәсін мойындады және қаруды қайда сақтағанын көрсетті. Бірден үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа берілді. Алдын ала тыңдау да өтті.
"Айыптау актісіне сәйкес, Садуов заңсыз атыс қаруын алып жүрді, тасымалдады және сақтады. Сонымен қатар, 04.02.2021 жылы ауызша жанжал кезінде Садуов мас күйде атыс қаруынан жәбірленуші Ж.-ға қарудан оқ атқан, дегенмен Ж. оқтан аман қалған. Сол күні Садуов жәбірленуші Х-ға қару тақап, екінші рет оқ атқан", - деді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Бірақ марқұмның туыстары мен достары материалдарды сотқа ерте берді деп санайды. Олар істі тергеуге қайтарып, жанжалдың басқа қатысушыларын жауапқа тартуды талап етті.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
