Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әскери қызметкер мүгедек жан мен екі бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды

Қызметінен кешқұрым қайтып келе жатқан ефрейтор Рысқали Еңсепбаев отқа оранған екі қабатты тұрғын үйді көреді. Сосын төменгі қабаттан көмекке шақырған дауысты естіп, сонда тұра жүгірген, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Әскери бөлімнің баспасөз қызметі

Қол алысып, қауқылдасып жатқан бұл екі адам кешегі күнге дейін бірін бірі мүлдем танымаған. Қазір енді таяқ ұстаған қария жас жігітті дер кезінде жолықтырғанына шүкіршілік айтып отыр. Өйткені өрт шыққан пәтерінен осы азамат аман алып қалыпты.

От пәтерде тұтанған. Ал үй иесі күлге айналған мына керуетте жатыпты. Өздігінен тұра да алмаған. Себебі, үш жылдан бері жүрек талмасынан төсекке таңылған екен.

Ақтөбеде әскери қызметкер мүгедек жан мен екі бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды

Өрт электр сымының тұйықталуынан болған. Жасы 74-ке жеткен Александр Василькевич ол кезде ұйықтап жатыпты. Ал оянған соң тіпті керуертінен аунап та түсе алмаған. Үстіндегі көрпесі бықсып жатқанда тек көмекке шақырып айқайлаумен болғанын айтады.

“Аяғым күйіп жатты. Үстімдегі көрпенің мақтасы бықсып, тысы сарғайып кеткен. Жамбастап аунағым келді. Тұра алмадым. Сосын ыңырсып, бар даусыммен көмек шақырумен болдым”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақтөбе қаласының тұрғыны Александр Василькевич.

Жұмыстан қайтып бара жатқан Рысқали Еңсепбаев қарттың даусын естіп қалады. Көк түтінге оранған үйге жетіп, ойланбастан сондағыларды құтқаруға кіріскен.

“Ең бірінші пәтерге  кірген жоқпын. Терезеге келдім. Түтіндеп жатқан терезеге қарасам дауыс шығады адамның. Денесі толық көрінбейді. Бір жақ аяғы ғана. Ішінде ауыл хәлде қарт кісі бар екен. Соны шығардық”, – дейді 6655 әскери бөлімінің қызметкері Рысқали Еңсепбаев.

Қартты сыртқа шығарған бойда екінші қабаттағы басқа пәтерден 2-3 жастағы екі баланың қалғанын біледі. Балкон арқылы өрмелеп, оларды да түсіріп алған. Әскери бөлімдегілер Рысқалидың осы ерлігін елеусіз қалдырмақ емес. Енді бірер аптада оны «Ұлттық ұлан гравдиясының үздігі» медалімен марапаттамақшы.

Тағы да оқыңыз:

Құдалардың қулығы: Храпунов пен Әблязовтың Қазақстаннан жымқырған миллиондары табылды

Алматыда көңілдесінің пәтерін сатып, ұлын өлтірмек болған Өзбекстан азаматы сотталды

Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды

Талқылау