Алматыда көңілдесінің пәтерін сатып, ұлын өлтірмек болған Өзбекстан азаматы сотталды

Алматылық әйелмен көңіл қосқан Өзбекстан азаматы оның пәтерін алдап сатып, ұлын өлтірмек болғаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1991 жылы туған Әлішер Жаңабаев айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостындығынан айырылды. Сондай-ақ ол жәбірленуші Татьяна Шульгина және оның ұлына моральдық залал келтіргені үшін әрқайсысына 1 млн теңгеден төлейді», – деп үкім оқыды судья.

Өзбекстан азаматы 2012 жылдан беру Қазақстан аумағында заңсыз жүр. Жазасын өтеп болған соң оны Өзбекстанға бес жылға депортациялайды. Әуезов АІІБ бұрынғы қызметкері, 35 жастағы Арли Оңғарбаевты сот 16 жылға кесті. Сондай-ақ ол аға лейтенант атағынан, ішкі істер органдарында бес жыл бойы лауазым иелену құқығынан айырды. Қылмыскерлердің екеуі де жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Жәбірленуші 45 жастағы Татьяна Шульгинаның айтуынша, 2015 жылы ол күйеуімен ажырасқан соң, Әуезов АІІБ қызметкері Арли Оңғарбаевпен танысқан. Полицей әйелдің үйінде бірнеше рет болып, жылжымайтын мүліктері туралы егжей-тегжейлі біліп алады да, жұмыссыз жүрген танысы, Өзбекстан азаматын әйелдің «басын айналдырып», екі пәтерін алып сатып жіберуге азғырған.

2018 жылғы қаңтарда өзбекстандық 27 жастағы Әлішер Жаңабаев пен полиция қызметкері Арли Оңғарбаевқа қатысты іс қозғалды. Осы іс фигуранттарының тағы бірі, Оңғарбаевтың туған ағасына іздеу салынды. Ол осы істе риэлтор қызметін атқарған. «Біз Әлішермен үш ай таныс болдық. Бір күні ол маған 1 бөлмелі және 2 бөлмелі пәтерімді сатып, бизнес ашайық деп ұсыныс жасады. Мен оған сендім, сатылған үйлердің ақшасы 70 мың доллар болды. Ол мені үйленемін, үй сатып аламыз деп сендірді. Сөйтсем, алдаған екен. Олар мені Қырғызстанға апарып, құлдыққа сатпақ болған. Баламды буындырып өлтіріп, пышақтамақ та болыпты. Төңіректегілер айғай-шуды естіп, құтқарып алыпты», – дейді жәбірленуші.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды

Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған екі қыз өзін видеоға түсірген азаматты сотқа берді

Алматы облысында бала күтуші 3 жасар сәбиді әбден мазақ қылған

КВН ойыншысы Астанадағы мұз айдыны сарайына басшы болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар