Алматыда кинотеатр алдында сүйісіп отырған екі қыз өзін видеоға түсірген азаматты сотқа берді
Алматы қаласының тұрғыны желіге кинотеатр алында сүйісіп отырған екі қыздың видеосын жариялағаны үшін сот алдында жауап береді.

Екі қыздың Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығында кинотеатр алдында сүйісіп отырған сәті желіде қызу талқыланған болатын.
Екі қыз өздерін видеоға түсірген адамнан моральді өтемақы талап етуде.
«30 қаңтар күні киноға бардым. Сол жерде екі қыздың сүйісіп отырғанын көрдім. Оларға ескерту жасадым. Егер бұл істерін тоқтатпаса, желіге жариялаймын дедім. Бірақ олар мені тыңдаған жоқ. Сосын айтқанымдай істедім», – дейді ролик авторы.
Тағы да оқыңыз:
Алматы облысында бала күтуші 3 жасар сәбиді әбден мазақ қылған
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек