Бүгінде актер, режиссер әрі продюсер: Шымкентте жетімдер үйінде өскен бала Голливудты қалай бағындырды

Шымкентте балалар үйіне тәрбиленген Еркін Ялгашев бүгінде америкалық продюсер, актер әрі режиссер. Отаны Қазақстан жайлы деректі фильм түсіруді жоспарлар отыр.

Бүгінде актер, режиссер әрі продюсер: Шымкентте жетімдер үйінде өскен бала Голливудты қалай бағындырды

Оның айтуынша, голливуд жұлдыздарының қатысуымен Қазақстанның әр өңірі жайлы фильм түсіруге болады, деп жазады Camonitor.kz.

«Мен голливудтың көптеген актерлерімен жақсы араласамын. Агенттерімен емес, тікелей өздерімен сөйлесіп қолқа сала алам. Олардың көбі Қазақстанға келіп көрген. Басқалары да саяхаттап келгісі келеді. Әйгілі Эдриен Броуди уақытының тығыздығына қарамастан былтыр Евразия кинофестивалне келді. Жазда ШҚО-ға  деректі фильмге түсу үшін келеді», – дейді ол.

Бір қызығы, Еркін ата-анасы көз жұмған соң 7 жасынан бастап балалар үйінде тәрбиеленген.

«Балалар үйіндегі 10 жыл оңайға соққан жоқ. Бірақ өмір сүруге үйретті. Бастапқыда №1 мектеп-интернатта болдым. 6 не 7-сыныпта Сайрамдағы балалар үйіне ауыстырды. Кейіннен өз күнімді өзім көрдім. Әскерге бардым, әскерден соң институтқа түстім», – дейді Еркін.

Бизнеспен айналысып, спорт жайлы кітаптар, баспа өнімдерін жарыққа шығарған.

1992 жылы «Сенiм-2» қазақ-америкалық бағдарламасы бойынша АҚШ-тың бизнес құрылымымен танысуға барады.

“1995 жылы әйелім АҚШ-та біржола қалды. Бірінші болып өзім, сосын әйелім АҚШ азаматтығын алды. Бірақ өз елімнің патриотымын. Америкалықтарды елге не үшін тартып жүр деп ойлайсыз. Елімді әлемге насихаттағым келеді», – дейді актер.

Еркеннің айтуынша, АҚШ-та спортқа әуестігінің арқасында тез бейімделіп кеткен. Қазақстан мен Кеңес елінің каратэ бойынша бірнеше дүркін чемпионы Нью-Йоркте күрес мектебін ашады. Онда қазақша күрес техникасын үйреткен.

Оның бизнесі айтырлықтар жүріп, 2000 жылы Лас-Вегаста қазақша күрестен чемпионат ұйымдастырған.

2012 жылы чемпионат Астанада қаласында жалғасын табады. Қазақстан туы үшін америкалық актер Дон Уилсон мен Оливье Грюнер төбелесті. Олар киноға спорт арқыы келгендер.

Еркіннің айтуынша, екі актер де қымбат қаламақы үшін емес, өзара достығы үшін келген екен.

«Мен күнделікті дайындалам, бірақ 1987 жылдан бері төбелеске шықпадым. Қаламақы үшін емес, Еркін үшін келдім. Оның орнында басқа біреу болса, келмес едім», – дейді Оливье Грюнер.

«Осы спорттың арқасында мені кинопродюсерлер мен актерлер шақыра бастады», – дейді Еркін.

«Осылайша кинематографияға келдім. Бүгінде өзімнің америкалық арманым орындалды: Мен бүгін актер, режиссер әрі продюсермін. Менен Голливудқа қалай келдің деп сұрап жатады. Мен табиғатымнан адамдармен тез тіл табысқышпын. Балалар үйі соған үйретті. Адаммен араласа білем, адамдарды тыңдай білем. Өйтпеген жағдайда балалар үйінде тұру қиын. Ал, табысқа жетудің ең негізгі себебі – спорт. Ол мені күресуге үйретті», – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

СІМ ресейлік тележурналистің Қазақстан жайлы пікіріне түсініктеме берді

Қылмыскерлер кек алу үшін көпбалалы ананы балаларының көзінше атып тастады (видео)

Ауырсынуды басатын дәрілердің зиянды екені анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар