Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғынын аты-жөні бірдей адамның орнына Ashyq жүйесіне вирус жұқтырған деп тіркеген

Ақтөбе тұрғынын аты-жөні бірдей екінші бір адамның орнына Ashyq жүйесінде коронавирус жұқтырды деп белгілеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.  

ашық

Ashyq жүйесіндегі мәртебесі ойламаған жерден “қызылға” ауысып кеткен ол жұмысқа және жүйе арқылы жұмыс істейтін орталықтарға кіре алмаған. 

"Мен коронавируспен ауырған жоқпын. Бірақ Ashyq жүйесінде өзімді тексергеннен кейін, мен “қызыл” мәртебедегі адамға жататынымды білдім. Нәтижесінде мен жұмысқа бара алмаймын, әртүрлі ұйымдарға кіре алмаймын, өйткені қазір барлық жерде тек Ashyq арқылы өте аласың. Ал қызыл мәртебемен мен ешқайда бара алмаймын”, –дейді ол. 

Осылайша Алексей ешқайда шыға алмай қалған. 



“Кейін анықталғандай, менімен аты-жөні бірдей ер адам коронавирус жұқтырыпты. Бірақ оның туған күні мен тұрғылықты мекенжайы басқа. Оның ЖСН-нің орнына менікін енгізген болуы керек. Осындай қателіктің кесірінен, біреудің немқұрайлылығынан, ұқыпсыздығынан мен бірнеше күн бойы әдеттегі жүріп-тұра алмаймы. Егер мен Ashyq бар объектіге барсам, біріншіден, олар мені кіргізбейді, екіншіден, маған айыппұл салады және бұл аз ақша емес”, – дейді ол. 

№4 емхананың атқарушы бас дәрігері Olympus зертханасына жазған хатында бұл қате жылжымалы бригада дәрігерінің жұмыс жүктемесіне және бірдей есімді адамның деректерін енгізуіне байланысты болғанын айтты. Бұл факті бойынша ішкі талдау жүргізілді. Алайда Алексей Ashyq қосымшасындағы мәртебесі өзгермегенін айтады.  

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 19 Тамыз, 2021 10:41
Талқылау