Ақтөбе облысының әкімі референдумда дауыс берді
Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.
"Бүгін еліміз бойынша тарихи күн. Халқымыз елу жылда ел жаңа деп бекер айтпаған. Осыдан 27 жылдан бері өткізіліп отырған Ата заңымызға өзгерістер енгізіліп жатыр. Саяси-экономикалық дамуымыз бір орында тұрмайды, қоғам талабы өзгерді. Мемлекет басшысы өзгерістерді өзінен бастап, Парламентке, халыққа өзінің толық билігін жүзеге асыруға толық мүмкіндігін беріп отыр. Дауыс беру учаскелеріне келген азаматтардың барлығына алғысымды білдіремін", - деді облыс әкімі.
Оңдасын Оразалин 4 орта мектеп ғимаратында орналасқан № 67 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Қызылорда облысында 101 жастағы ардагер референдумда бірінші болып дауыс берді
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады