Қызылорда облысында 101 жастағы ардагер референдумда бірінші болып дауыс берді
Қызылорда облысындағы учаскелерде халықтың белсенділігі жоғары екендігі байқалады. Таңғы сағат 7-ден бастап кезекте тұрған дауыс берушілердің саны көп.

Соның бірі Сырдария ауданында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров. Ғасыр жасаған ақсақал референдум учаскесіне ең бірінші болып дауыс беріп, бүгінгі тарихи күнге сәттілік тілеп, батасын берді. Яхия ақсақалға бірінші келуші ретінде сыйлық табысталып, иығына шапан жабылды.

Сондай-ақ, алғашқы, ең жас және 100-ші дауыс беруші деген секілді челлендждер мен түрлі акциялар ұйымдастырылуда.
Айта кету керек, облыс бойынша 373 референдум учаскелері жұмыс жасайды. Оның 345-і ашық, 28-і жабық. Ал Қызылорда қаласында орналасқан учаске саны – 120. Вахталық қалашықта орналасқан учаскелер -8. Дауыс берушілер 462 685 адамды құрайды.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген