Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында такси жүргізушісі шекарадан заңсыз өткен мигранттарды алып кетуге келіскен: Жүргізушіге 1,5 миллион теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін такси жүргізушісіне бір жарым миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

такси

Мәртөк ауданының 51 жастағы тұрғыны жеке көлікпен такси қызметін атқарады. "Жайсан" автожолының жанында оған бейтаныс адам қосымша қаржы табу туралы ұсыныс жасаған. Қобда ауданы Көк үй ауылының маңындағы шекаралық белгіден екі адамды алып, оларды Ақтөбеге апаруын сұрайды. Бұл үшін 25 мың рубль ұсынылған. 51 жастағы жүргізуші келісіп, "Мазда" көлігімен келісілген жерден екі адамды алып кетеді.

Қалаға барар жолда көлікті шекарашылар байқап, оның артынан жүрген. Жүргізуші қуғыншылардан қашып, көлігі батпаққа батып кетеді.

Жолаушылардың жеке басын анықтау кезінде олардың Өзбекстан азаматтары екендігі анықталды. Олар Ресейде болып, кейін өз Отанына оралуға ниеттенгенін мойындады. Бірақ төленбеген айыппұлдарға байланысты заңды түрде шекарадан өте алмаған. Нәтижесінде еліне Қазақстан арқылы транзитпен жетуге шешім қабылдады. Өзбекстанның екі азаматы Ресей-Қазақстан шекарасын Елек өзенінің бойымен үрлемелі қайықпен кесіп өткен. Олардың біреуі шартты мерзімге сотталып, Қазақстаннан 5 жылға шығарылды.

Сот таксистті заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін 1 миллион 531 мың теңге (500 АЕК) айыппұл салуға үкім шығарды. Егер бұл соманы төлемесе, онда бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыс Ресейдегі мобилизацияға дейін болды, бірақ такси жүргізушісі бірнеше күн бұрын ғана сотталған.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 01 Қараша, 2022 10:04
Талқылау