Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қараусыз қалдырған: Ақтөбеде балабақша меңгерушісі сотқа тартылды

Ақтөбе қаласында балабақша меңгерушісі баланың еңбек сүйегі сынғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

new

2019 жылдың 19 тамыз күні «Әсел» балабақшасында 3 жасар қызбен жазатайым оқиға орын алды.
Демалыс уақытында төсектің екінші қабатынан құлаған қыз жабық бас сүйек-ми зақымын алып, бас сүйегін сындырған. 

Баланы ауруханаға апармай, оның ата-анасына болған жағдай туралы хабар бермеген. Дәрігердің көмегіне ата-анасы баланың жарақаттарын байқағанда ғана жүгінген.

Ақтөбе қаласының №2 сот бөлімшесі балабақша меңгерушісі Жадыра Қосжановаға ҚР ҚК 141 бабы бойынша «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бойынша айып тақты.

Сот «Әсел» балабақшасының меңгерушісі болып жұмыс істейтін және балабақшадағы балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты тұлға болып табылатын Жадыра Қосжановаға тәрбиеші қоңырау шалып, өзінің науқастанып қалғанын және жұмысқа бара алмайтындығын айтқан. Екінші ауысымға тәрбиеші тауып, балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына, балабақша меңгерушісі оның жұмысын елемей, топтағы балаларды қараусыз қалдырған.

Нәтижесінде 3 жасар қыз екі қабатты төсектен құлап, денсаулығына ауыр зиян келген.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, істі қарап, балабақша меңгерушісі 3 жылға кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге және педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, 1 жылға бас бостандығынан шектелген.

Сонымен қатар, Жадыра Қосжанова жәбірленушіге 350 809 теңге көлемінде материалдық шығынды және сот 700 000 теңгеге бағалаған моральді шығынды өтеуге міндетті.
 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Ақпан, 2020 12:31
Талқылау