Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы лас жастықтар тұрғындарды шошытты

Ақтау тұрғыны облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жастықтың қатты ластануына шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап. 

жастық

"Мен қызыммен бірге балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатып, төсектің ластығынан қатты қорқатынмын. Ол жастықта қалай ұйықтауға болады?, - деп ашуланды Ақтау тұрғыны.


Белгілі болғандай төсек жабдықтар дезинфекциядан кейін осындай жағдайға түскен.

"Осы аурухананың басшылығы облыстық аурухана қызметкерлерінің назарын жабдықтардың ескі екенін, сондықтан жастықтарды тот жауып қалатынын ескертті. Жыл сайын бөлімшелердің шаруашылық бикелері жастықтардағы жапқыштарды ауыстырады. Маңғыстау облыстық ауруханасының басшылығы дезинфекциялау камерасының кейбір қосалқы бөлшектерін ауыстыруға уәде берді,-деп түсіндірді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Қазан, 2020 18:04
Талқылау