Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жабайы болып кеттік": Түркістан облысындағы ауыл тұрғындары өркениеттен қалыс қалдық деп шағымданды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Құрама ауылының тұрғындары жергілікті әкімдіктің жұмысына шағымданып, арықтан лас су ішуге мәжбүр екендерін мәлімдеді. Бұл туралы олар LIFE KZ танымал YouTube арнасының сюжетінде айтты, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арна авторлары Ринат Кибраев пен Валерий Кудрявцев ауылға келіп, елді мекеннің орталық көшесіне жиналған жергілікті тұрғындардан сұхбат алды. Адамдар көптеген жылдардан бері таза ауыз сусыз және қалыпты электр қуатынсыз өмір сүріп жатқанын айтты.

"Техника электр қуатының жоғары жүктемесіне байланысты жанып кетеді. Интернетте үлкен проблемалар бар, балалар оқи алмайды. Адамдар ауырады. Кешке жарық мүлдем жоқ. Теледидарды көптен бері қараймыз. Жабайы болып кеттік. Тоңазытқыш та жұмыс істемейді, сондықтан азық-түлік пен тағамды сақтау үшін салқын жер іздейміз", - деді жергілікті тұрғындар.

Ауылдықтардың айтуынша, билік жағдайды жақсартамыз деп жергілікті тұрғындарды үнемі алдайды, бірақ нақты іске әлі күнге дейін кіріспеген.

"21 ғасырда адамдар мұндай жағдайда қалай өмір сүре алады? Мен арықтан су ішіп жатқан адамдарды бірінші рет көріп тұрмын, онда көптеген аурулар бар ғой... Бұл деген бассыздық", - деді блогерлер.

Талқылау