AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда "Жылы жағажай" курорттық аймағын дамытудың екінші кезеңі басталды

Ақтауда "Жылы жағажай" курорттық аймағын дамытудың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңір басшысы атап өткендей, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша туризмде көрсетілген қызметтер көлемі 1,2 млрд. теңгені құрап, 20% - ға өсті, келушілер саны шет елдерден және еліміздің өңірлерінен 55 мыңға жуық туристті құрады, бұл өткен жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 4% - ға артық (2021 жылдың 1 тоқсаны-52 383 адам.

Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және Үкіметтің қолдауымен Ақтау қаласының жылы жағажайын инфрақұрылымдық дамыту бойынша жобаларды іске асырудың екінші кезеңі жалғасуда.

Курорттық аймақты дамытудың 2 кезеңі аясында 4 ірі инвестициялық жоба және 2 жобаны жергілікті инвесторлар жүзеге асырады.    

Нәтижесінде 350-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрып,102 млрд.теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл жобалардың барлығы аймақ экономикасының дамуына оң мультипликативті әсер береді: 

   1. Гольф-клуб. Виллалары бар "Fairmont" Гольф-қонақ үйі - жобаның құны - 59,5 млрд. теңге;
    2. Торогвые рады "Town Center" - жобаның құны - 32,8 млрд. теңге;
    3. "Виллалар мен апартаменттер кешенінің құрылысы" – жобаның құны-2,8 млрд. теңге;
    4. "Aqualina Resort" курорттық-қонақ үй кешенінің құрылысы " - жобаның құны-7,0 млрд. теңге;
    5. "Түпқараған ауданында Визит-орталығының құрылысы" (2-кезең) инвестиция көлемі - 100 млн. теңге;
    6. "Фламинго Резорт" демалыс базасы жобаның құны - 500 млн.теңге.

Бүгінгі күні Үкіметтің қолдауымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша аптасына 27 бағытқа 152 авиарейс ұшады, оның ішінде алыс және жақын шетелдерге 19 бағытқа 61 рейс.

2021-2022 жылдары аралығында Үкіметтің қолдауымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша аптасына 20 рейс қалыпқа келтірілді. Мамыр-маусым айларынан бастап аптасына 2 рет жаңа халықаралық 6 бағытта әуе рейсі іске қосылды. Ал теміржол көлігі арқылы тасымалданған жолаушылар саны 42,4%-ға артты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр