Ақтауда жағалаудың символы болған пальма ағаштары алып тасталды
Ақтау қаласының теңіз жақ жағалауын қалпына келтіру жобасын әзірлеу басталды. Әкімдік ағаштың бұтағы сынып, басқаларын жел ұшырып әкеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Мәліметтерге сенсек, қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері 2019 жылы орнатылған жасанды пальмалар жаңа абаттандыру жобасына кірмейтінін айтқан.
Айта кетейік, оларды орнатуға инвестор – мұнай компаниясы демеушілік жасады. Компания оларды сатып алуға қанша ақша жұмсалғанын нақтыламады. Пальма ағаштары бар жаңа жағалау мен "Жартас соқпағы" туристік алаңының құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалғаны белгілі болды.
Жасанды ағаштар бұрын қыста ауа райының бұзылуынан қорғау үшін тормен қорғалған. Бірақ уақыт өте келе бұтақтары сынған немесе желмен ұшып кеткен көрінеді.
Бүгінде жағалауға сән берген жасанды пальма ағаштарын қалыпқа келтіретін материалдар жоқ екен. Ал жергілікті билік оларды қайта құру жоспарынан алып тастау туралы шешім қабылдаған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
