Ақтауда зейнеткер көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті (видео)
Ақтауда егде жастағы әйел көп қабатты үйдің 4-қабатындағы терезеден құлап кетті.
Бұл туралы Лада хабарлайды.
Куәгерлердің сөзінше, әжей қаладағы 4-шағын аудандағы 56-үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға орын алған жерді полицейлер қоршауға алды.
«Хабарланғандай, жедел жәрдем станциясында сағат 16:11-де қоңырау түскен. Егде жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған», – деп жазады басылым.
Қайғылы оқиғаның себебі мен анық-қанығы белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Ақмола облысында он жастағы оқушы өрт кезінде қаза тапты
Алматыда қаскүнемдер таксисті өлтіріп, оның көлігін сатуға қойған
Павлодарда сөндірілмей қалған темекіден 1 миллион теңге шығын келді
Талқылау