Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олар “Super Nova” фестивалінде өлтірілген: Израиль әскері Газадан жоғалған үш азаматының денесін тапты

Израиль әскерлері Газадан ХАМАС ұрлап әкеткен кепілге алынған үш израильдіктің денесін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото ВВС-ден/Шани Лук, Ицхак Гелернтер және Амит Бускила

Әскерилердің айтуынша, бұл Шани Лук, Амит Бускила және Ицхак Гелернтердің денелері. Олардың барлығын 7 қазанда өлтіріп, денелерін Газаға алып кеткен. Жергілікті БАҚ мәйіттердің ХАМАС содырлар туннелінен табылғанын хабарлады.

2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС содырларының шабуылынан 1200-ге жуық адам қаза тапқан. Олар Газаға тағы 252 адамды кепілге алған. 

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл жаңалықтың жүректі ауыртатынын айтты.

"Біз кепілге алынған барлық адамдарды тірісін де, марқұмын да өзімізге қайтарамыз", — деді ол.

Бұл адамдар Израильдің оңтүстігіндегі “Super Nova” фестивалінде болған. Осы фестивалдегі шабуыл кезінде олар көз жұмып, кейін олардың денелерін Газаға алып кеткен. Бұл фестивальде 360-тан астам адам қаза тапты.



Қазір 125 адамның тағдыры белгісіз болып отыр. Олар әлі күнге дейін кепілге алынған тізімде көрсетілген.

Израильдің кепілге алынған отбасылар форумы қаза тапқандардың жақындарына қайғырып көңіл айтатындарын жеткізді.

Бүгінде жоғалған адамдардың қаншасы тірі екені белгісіз.

Кепілге алынған адамдарды одан әрі босату туралы келіссөздер бірнеше айға созылуда. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің ХАМАС бақылауындағы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 35 мыңнан асады.

Сонымен қатар, Газадағы 2,2 миллион палестиналықтар азық-түлік, баспана және басқа да көмек тапшылығынан зардап шегіп жатыр. 

Талқылау