Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сүйіктісін буындырып өлтірген күдіктіге сот шешімі шығарылды

Маңғыстау облысында 2019 жылы қыркүйекте өзінің сүйіктісін көлікте буындырып өлтіріп, денесін Ақтау сыртындағы су арнасына лақтырып кеткен ер азаматқа қатысты сот шешімі шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inaktau.kz порталына сілтеме жасап. 

әйел

Аталмыш оқиға ел арасында үлкен шу тудырған болатын. Қызының жоғалып кеткеніне алаңдаған оның анасы полицейлерге хабар берген. Біраз уақыттан кейін 39 жастағы әйелдің денесі табылып, артынша оны өлтірген күдікті ұсталыпты. 

"Айыпталушы ҚР ҚК-нің 99-шы "Кісі өлтіру" бабы бойынша жаза тағайындалды. Ол 11 жылға түрмеге қамалып, жәбірленуші тарапқа материалдық зардап ретінде 6 миллион теңге көлемінде төлейді. Сондай-ақ кінәлі азамат 3 миллион 513 мың 520 теңге материалдық шығынды өтейтін болады", - делінген сот хабарламасында. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 18 қыркүйекте ер адам сүйіктісін жұмысынан алып кетіп, екеуі бірге азық-түлікке бармақшы болған. Алайда орта жолда олардың арасында жанжал туған. Нәтижесінде айыпталушы әйелдің мойнына арқан орап, буындырып тастайды. Артынша мәйітті қала сыртындағы тоғанға алып барып лақтырып кеткен. 

Атап кетерлік жайт, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Күдіктінің адвокаттары апелляцияға беріпті. Жәбірленуші тарап та сот шешіміне риза болмаған сыңайлы. 

 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2020 12:45
Талқылау