Ақтау әуежайы шығарып салушыларды рентген аппаратынан өткізіп, жеке заттарын тексеріске алған
Ақтау әуежайы шығарып салушылар мен күтіп алушыларды тыңғылықты тексеруден өткізіп, адамның конституциялық құқығын бұзды деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маңғыстау облыстық монополияға қарсы департаментінің хабарлауынша, әуежайға кірерде жеке заттарыңды өткізіп, рентген аппаратынан өту адамның азаматтық құқығын бұзуға жатады.
Заңда көрсетілген нормаларға сәйкес, ұшар алдында әуе кемесі, оның борттағы қоры мен азық-түлік, экипаж мүшелері, жолаушылар, багаж бен қол жүгі, жолаушылардың өздерімен бірге алып жүрген заттары мен пошталық хабарламалар, жүктер міндетті түрде тексеріледі.
"Алайда күтіп алушы, шығарып салушы, мобильділігі төмен, әуе кемесіне отырмайтын азаматтар да тексеріліп, норма бұзылуда", - деп хабарланды ведомстводан.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті террорлық қауіп төнген жағдайда қосымша тексеріс шараларын жүргізуге болатынын атап өтті. Алайда қазіргі уақытта Маңғыстау облысы аумағында ондай қауіп жоқ. Соған қарамастан, әуежай барлық кіріп-шығушыларды қатаң тексеруде.
Әуежай басшылығының тарапына ескерту жарияланды. 30 күнтізбелік күннен кейін, Ақтау әуежайында билеті жоқ адамдарды тексеру жалғаса берсе, монополияға қарсы орган тергеу тағайындап, тиісті шаралар қабылдайды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
