АҚШ-тағы қазақтар Мұхтар Мағауинді жерледі
Атақты қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин 11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында жерленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Courtesy Photo
Вашингтондағы Diyanet Center of America мешітінде Мағауиннің жаназасы оқылды.
Тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауинмен қоштасуға ондаған адам келді. Олардың қатарында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, консул Жүсіп Орынбай, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, Америкада білім алып жатқан студенттер бар. Олар жазушының туған-туыстарына, оның ішінде ұлы Едіге Мағауинге және отбасына көңіл айтты.
Мұхтар Мағауиннің денесі Вашингтон маңындағы Парклоун мемориалдық зиратына қойылды.
Еске салсақ, жазушы Мұхтар Мағауиннің өмірден озғанын хабарлаған едік. Кейін Тоқаев Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Талқылау
"Негізгі айғақ – бір-бірімен хат алмасуы": Атыраудағы Яна Легкодимованың өлімі туралы шындықты ашқан тергеуші істің хронологиясын айтып берді
Жас тергеушіден жұмысы туралы сұрадық
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"