АҚШ қаржы министрлігі қазақстандық Альфа-Банкті санкциядан босатты
АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы қазақстандық Альфа-Банкті санкциядан босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті хабарлама 14 шілде күні АҚШ қаржы министрлігінің сайтында пайда болды.
"Бүгін Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк Қазақстан) SDN List-тің санкциялық тізімінен шықты. Қысқа уақыт ішінде банкті сатып алып қана қоймай, оның санкциядан шығуына үлес қоса алдық", – деп хабарланды ЦентрКредит Банкінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 2022 жылдың сәуір айында "Альфа банк Қазақстан" АҚШ санкциясына ілікті.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық