Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Қадыровтың отбасына қарсы санкциялар енгізді: Шешенстан басшысы жауап ретінде пулемет ұстап тұрған фотосын жариялады

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыровқа қатысты "адам құқығын бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін" санкция енгізді.

Кадыров

"Департаментте Кадыровтың 10 жылдан астам уақыт ішінде адам құқықтарын бірнеше рет өрескел бұзу, оның ішінде азаптау және соттан тыс өлтірулер үшін жауаптылығы туралы жеткілікті сенімді ақпарат бар", - деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

Сондай-ақ, санкциялар оның әйелі Медни Қадыровқа мен қыздары Айшат Қадырова мен Хадижат Кадыроваға да қатысты. Олардың барлығына АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады, өйткені мемлекеттік департаментте олардың сыбайлас жемқорлыққа елеулі мөлшерде тікелей немесе жанама қатысы бар екендігі туралы анық ақпарат бар екен.

Бұған дейін Құрама Штаттар Қадыровқа қатысты экономикалық санкциялар енгізген болатын.

"Көптеген елдермен қатар, Америка Құрама Штаттары бірнеше рет Кадыров мырзаның заң бұзушылықтары туралы жария және жеке түрдегі туралы алаңдаушылықтарын білдірді", - делінген АҚШ сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. 

Осылайша, 2018 жылы Америка Құрама Штаттары және тағы 15 мемлекет ЕҚЫҰ-ның Мәскеу тетігін ЛГБТ, құқық қорғаушыларға, тәуелсіз БАҚ өкілдеріне қатысты қиянат жасау фактілерін анықтау үшін миссия құруға шақырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік департамент Шешенстан басшысын республикадағы коронавирус жағдайын баяндаған журналистерді қорқытады деп айыптады.

Рамзан Қадыров осы мәлімдемеден кейін Telegram-арнасында қару-жарақ бөлмесінде қолына екі пулемет ұстап түскен суретін жариялады.

"Помпео, біз жекпе-жекті қабылдаймыз! Әрі қарай қызықты болады!", - деп жазды ол.

"Жауап беру қиын болады, бірақ бірдеңе ойлап табамыз", - деп жазды "Фейсбукте" Ресейдің СІМ басшысы Мария Захарова.

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне Қадыровтың бұрынғы жасаған әрекеттері себеп болды, деп мәлімдеді демократия, адам құқығы және еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік департаментінің бюросында хатшы көмекшісінің міндетін атқарушы Скотт Базби Би-би-сиге берген сұхбатында.

Енді Қадыровтың туыстары АҚШ-қа бара алмайтын адамдардың тізіміне енді, деп түсіндірді ол. Басқа  елдер бұған қатысты ештеңе қабылдауға міндетті емес, бірақ "серіктестермен диалог жүріп жатыр", деді Базби.

Айта кетейік, АҚШ-тың қаржы министрлігі Қадыровты 2017 жылы "Магнит актісі" бойынша санкциялық тізімге енгізген еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Шілде, 2020 11:54
Талқылау