Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

Үш жыл бұрын отағасы атанған Төреғали үйлену тойын 17-қазанда дүркіретіп атап өтпекші. Қазір жас жұбайлар тойға қызу дайындық жасауда. Жақында Төреғали мен Толқын үйлену тойына арналған журнал мұқабасына арнап фототүсірілім жасатқан. Бұдан өзге, әншінің тойы тікелей эфир арқылы отандық арналардың бірінен көрсетілуі мүмкін.

Бұл туралы Төреғалидің музыкалық продюсері Жан Мұқанов 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Төреғалимен қанша жылдан бері бірге жұмыс істеп келсем де, мен де Толқынды кеше ғана көрдім. Өте сұлу, бойынан ақсүйектік сезіледі.

Толқын – өте сұлу, модель сияқты, бойшаң, келбеті келісті. Қобалжып, алаңдап жүргенін байқамадым. Нағыз қазақтың ақсүйек отбасынан шыққан сияқты. Арқасын әркез тік ұстайды, өте ұстамды, артық эмоция көрсетпейді, қатты күлмейді, жымиып қана қояды. Әзілге де ақылмен қарайтындай, яғни сатираға жақын. Маған өте қатты ұнады. Өзін-өзі ұстауы, Төрешке «сіз» деп сөйлегені таңғалдырды. Сондай жағымды әрі ерекше естіледі. «Сіз» дегенімен бір жылулық естіледі. Әдетте «сіз» деп сөйлеген кезде адамдардың арасы алыстайтындай… Ал Толқын «Төреш сіз» деген кезде, «сынып» қаласың”, – дейді Жан Мұқанов.

Мұқановтың айтуынша, Төреғали тойын осы уақытқа дейін шегеріп келуін түсіндіріп, ашық сұхбат берген. Алайда оны алдымен той қонақтары, тек содан кейін барып қана халық оқитын көрінеді.

“Жалпы өте тамаша фототүсірілім өтті. Ол “Wedding for seasons” журналының мұқабасына шығады. Бұл журнал қыркүйектің басында жарыққа шығуы тиіс еді. Бірақ той 17 қазан болатындықтан, біз оның шығарылуын бір жарым айға шегердік. Алдымен той қонақтары көрсін дедік. Онда Төреғали мен оның жарының ашық әрі толыққанды сұхбаты болады. Шындық ашылады… Яғни не, неге, қалай т.б. сұрақтардың жауабын таба аласыздар”, – дейді Төреғалидің музыкалық продюсері.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың жарын құшақтап билеген видеосы желіні шулатты (видео)

Қайрат Нұртас әріптесінің туған күніне жары Жұлдызбен бірге келді (фото, видео)

Қарақат Әбілдина әлеуметтік бағдарламаның тізгінін ұстады

Қос ұстазына өлең арнаған Мейрамбек Бесбаев ақындық қабілетімен таңғалдырды (видео)

Талқылау