Қарақат Әбілдина әлеуметтік бағдарламаның тізгінін ұстады

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 11:45

Қарақат Әбілдина әлеуметтік тақырыптағы жаңа бағдарламаның тізгінін ұстады. Ана мен бала тақырыбын қозғайтын отандық бағдарлама қазан айында көрерменге жол тартпақ, деп жазады Stan.kz.

Қуанышты хабармен желіде Қарақаттың өзі бөлісті.

Ол “Бенефис шоу” арқылы тележүргізушіліктің қыр-сырын меңгеріп алғанын алға тартты. Сондай-ақ, не себепті қоғамдық маңыздылығы бар бағдарламаны жүргізуге келіскенін түсіндірді.

“Таяуда «Хабар» арнасы тағы бір үлкен жобаны жүргізуге ұсыныс жасады. Шыны керек, «Бенефис-шоудан» басқа да бағдарлама жүргіземін деген ой болған емес. Бірақ, бұл жобаның тақырыбы жаныма жақын болған соң, ұсынысты қабылдаған жөн болар деп ойладым.
Жалпы қазіргі аналық рөлім мен бағдарламаның тақырыбы үндестік тауып жатқандықтан шығар, ойлана келе, келісім бердік.

Сонымен, бұйырса, жуырда «Ана мен бала» атты жаңа жоба жарық көрмек. Бұл бағдарламада ана мен балаға қатысты барлық мәселелер қамтылмақ: денсаулық, күтім, тәрбие. Әсіресе, ұлттық тәрбие мәселесіне ерекше ден қоймақпыз. Отандық телеарналарда отбасы, ер мен әйел мәселелеріне байланысты көптеген хабарлар болғанымен, нақты осы тақырыпты қамтитын өз алдына жеке жоба болмаған сияқты.

Менің анам 16 құрсақ көтеріп, барлық уақытын да, барлық ғұмырын да ұрпағына арнап, бақытын да сол балаларынан тапқан адам… Біз де енді перзентімізге дұрыс тәрбиеге беруге тырысып келеміз. Соның ішінде, ұлттық тәрбиені тереңінен бойларына сіңіріп ұлттық дәстүрмен сусындап өссе деп тілейміз. Еліміздегі ата-аналарды жақсы түсінеміз, біз де барлық ата-аналар сияқты түрлі жағдайларға кезігеміз, бала тәрбиесіндегі күрмеуі қиын мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастырамыз. Ал ананың денсаулығы, бала тәрбиесі мен күтімі қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан «Ана мен бала» жобасына атсалысуға бел будым.

Әрине, дәл осы жобаны жүргізуге мен лайықпын деген сөз емес, аз-маз тәжірибем арқылы білгеніммен бөлісіп, білмегенімді осы жоба арқылы үйренсем деген ниет бар.
Отбасындағы әкенің рөлінің маңыздылығын ескеріп Қыдырдың да осы бағдарламаға атсалысатынын айта кеткім келеді… Ендеше қазан айынан бастап, «Хабар» телеарнасының эфирі арқылы қайта жүздесеміз. Бағдарлама патша көңілді көрерменнің көңілінен шығар деп үміттенемін.Ұсыныс пікірлеріңіз болса марxабат”, – деп жазды Қарақат Instagram-дағы парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Қос ұстазына өлең арнаған Мейрамбек Бесбаев ақындық қабілетімен таңғалдырды (видео)

Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” жауапқа тартуды талап етті

Қайрат Нұртастың ізімен: Ернар Айдар кішкентай фанатына костюмін сыйлады (видео)

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар