Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың ізімен: Ернар Айдар кішкентай фанатына костюмін сыйлады (видео)

“Қайрат Нұртасқа еліктейді” деп жиі сынға ілігетін Ернар Айдар бұл жолы тағы да әріптесінің әрекетін қайталады. Ол Қайрат салған “сара жолды” жалғастырып, кішкентай жанкүйеріне костюмін сыйға тартты, деп жазады Stan.kz.

Жаңаөзен қаласының кішкентай тұрғыны Мұхаммед Әли – Ернар Айдардың ең жас әрі адал жанкүйерлерінің бірі. Ернарды үлгі тұтатын ол сүйікті әншісінің әр қылығын қайталайтын көрінеді. Тіпті, ата-анасына айтып, әншінің әр сахналық костюміне ұқсас киім тіктіртіп алады екен. Бұл туралы Ернар Айдар баяндады.

“Бұл баланың есімі – Мұxаммед Әли. Мен саxнаға қандай киім киіп шығамын соны көріп, ата-анасына айтып тура менікіне ұқсатып тіктіртіп киіп алады екен. Осыдан бір жыл бұрын мен осы саxнада Мұxаммед Әлиге уәде берген едім. Саxналық екі костюмімді сыйлыққа беремін деп. Аллаға шүкір осы сәтке жеткізген, мен сыйлығымды беріп жатсам, Мұxаммед Әли де маған күтпеген жерден керемет сыйлық жасады, менің есімім жазылған арнайы жасатылған домбыра. Раxмет!” – деп жазды Ернар желідегі парақшасында.

Кішкентай бүлдіршіннен сыйлық күтпеген Ернар қатты қуанғанын жасырмады. Ол Мұхаммед Әлиге сахна төрінде анасына арнап ән айтуға мүмкіндік беріп, осылайша жанкүйеріне деген ризашылығын білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш тағы да әлемге танымал әншімен дуэт орындады (видео)

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Дастан Оразбеков әріптесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Төреғали желіде Ерке екеуін масқаралаған видеоға қатысты түсініктеме берді

Талқылау