Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков әріптесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Айқын Төлепберген сынды әріптестері жеке өмірін жасырып әлек болса, Дастан Оразбеков бірден бар шындықтың бетін ашты. Әнші Жанар Дұғалова екеуінің құшақтасып түскен суреттеріне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше БАҚ-та Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалованың құшақтасып тұрған сәттегі суреттері тарап, көпшілік әріптестер көңіл қосты деп болжаған-ды. Алайда бұл қауесетті әншінің өзі жоққа шығарып отыр.

“Осы парақшаны жүргізіп отырған админге айтарым бар. Мен өз жұбайыммен бақыттымын, есімі оның – Жанат. Елді алдап адам болмайсың. Санаң бола тұра санасыз тірлік жасағаның, надандықтың белгісі деп білемін. Ұйып тұрған отбасына іріткі салу не қажет?
Бұл “Маxаббатым жүрегімде” телеxикаясына арнайы жасалған фотосессиядан алынған сурет”, – дейді Дастан Оразбеков.

Осы жазбасымен әнші сүйіктісін артық күйзелістен қорғап қалғысы келсе керек. Жуырда Жанат Оразбекованың екінші перзентін босануға дайындалып жүргені туралы айтқан болатынбыз.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Гаухар Қаспақова сахнадан көрінбеуінің себебін түсіндірді

Төреғали желіде Ерке екеуін масқаралаған видеоға қатысты түсініктеме берді

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Талқылау