Төреғали желіде Ерке екеуін масқаралаған видеоға қатысты түсініктеме берді

Жексенбі, 24 Қыркүйек , 2017 16:55

Отандық шоу-бизнесте Төреғали мен Еркенің дуэті сәтті шыққанымен, жанды дауыста нотаға түсе алмаған бұл жұп жұрттың сынына ұшырған болатын. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Төреәлініңұлы бұл жолы болған жайды толықтай баяндап беруге бел буды.

«Ақталғаным болмасын, мен түсіндіріп айта салайын. Сол кезде Германияның Келън қаласына бардық. Қазақтардың құрылтайы өтті сонда. 10-15 күндей жүрдік. Содан кейін 5-6 сағаттай Алматыға ұшып келдік, Алматыдан Астанаға ұшып ешқандай дайындық жоқ. Жаңағы ансамбілмен барлық әншілер дайындалып айтып жатыр. Біз өзіміздің записьтің минусымен айттық. Бір рет дайындық өтіп алайық, десек… «Жоқ адамдарды кіргізіп жатырмыз, дайындық өте алмаймыз дейді» Сонымен, сөйтіп шыға салдық» – дейді бабында болмаған Төреғали.

Сондай-ақ, талай танымал нәзік жандылармен бірге ән шырқаған Төреғали, қыздармен жазылған дуэттердің оңай еместігін айтады. Мәселен, «Алло» әнін дайындықсыз орындаған Ерке мен Төрештің тығырыққа тірелуінің себебі де сол.

«Алло деген ән… Жалпы, қызбен айтылатын дуэттердің барлығы ер адамға төменгі дауыста келеді, қызға жоғары болып келеді. Ол ортақ бір тональностті табу үшін бірден қиындау. Ол студияда да төменгі дауыспен зорға дегенде жазылған нәрсе» – дейді әнші.

Ғаламторда тараған бұл видеодан бүгінде Ерке де хабардар болып шықты! Тіпті бейнежазбаны желіге жүктеп, жұлдызды дуэттің абыройына нұқсан келтіргісі келгендердің қиянаты қос әншінің қытығына тиіп отыр.

«Еркемен «Аллоны» айтқан кезде, өткенде соны Еркенің өзі айтты. Соны көрдің бе сен қалай бұзып шығарып қойғанын дейді де. Тіпті, дәл солай өйтіп айтпайтын шығармыз деп өзі таң қалып тұр» – дейді Еркемен бұл видеоны талқыға салған Төреғали!

Бірақ, бұл жағдай жұлдызды дуэттің шығармашылығын шыңдауына кедерігісін келтіріп отырған жоқ! Қос әншінің вокалдық қабілетіне күмән келтіргендерге Төреғалидың айтары бар…    

«Алтынды апарып арыққа тастасаң да, алтын алтын болып қалады ғой бәрібір. Еркені әнші емес деп қалай айта аласыз мысалға. Енді мен кәсіби әншімін, диапозоным кең әншімін деп өзімді айта алмаймын. Бірақ, дәл «Алло» деген әнді айтып беремін енді» – деп желіні дүр сілкіндірген видеоға қатысты түсініктеме берген Төреали, жуырда бұл олқылықтың орынын толтыруға ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Төреғали Төреәлі өзінің туған күніне орай, #Айхай25 атты ән кешін бес күн қатарынан Алматы қаласында өткізбек. Жанды дауыста ұйымдастырылатын концертті Қыдырәлі Болманов басқаратын әйгілі «Ұлытау» тобы сүйемелдейтін болыпты. Шоу, қазан айының 10,11,12,13,14 күндері Республика сарайының сахнасыда өтеді деп жоспарланып отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Баян Мақсатқызы неліктен бетіне пластикалық ота жасата алмайтынын түсіндірді

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Қайрат Нұртас Мейрамбектің термесін шырқап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Дауысы бар адам даиындыксыз да шаршасада аита алады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар