Баян Мақсатқызы неліктен бетіне пластикалық ота жасата алмайтынын түсіндірді

Жексенбі, 24 Қыркүйек , 2017 12:28

Баян Мақсатқызы астаналық жанкүйерлеріне өзінің денсаулық жағдайы туралы айтып берді. Атышулы продюсер не себепті әлі күнге дейін пластикалық ота жасата алмай жүргенін түсіндірді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Мен әлі толық қалыпқа келген жоқпын. Тіпті, осы жерге ұшып келмес бұрын дәрігерге көріндім. Бір жылдан аса уақыт өтті, бұл аралықта мен дәрігерге бармаған бірде бір апта өткен жоқ. Денсаулығыма айтарлықтай зақым келді. Эмоционалдық, психологиялық тұрғыдан да зардап шектім. Жарты жыл бойы мен өмірімде, басымда не болып жатқанын түсінбедім. Желтоқсанға қарай есімді жия бастадым», – деді продюсер ағынан жарылып.

Баян Қазақстанның ғана емес, шетелдің үздік мамандарына жүгінгенін жасырмады.

“Көптеген елдерде болып, әртүрлі дәрігерлерге қаралдым. Алматы мен Астананың барлық мамандарын танимын. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса да, өзін қалыпқа келтіруге мүмкіндігі жоқ әйелдердің қандай күйде екенін ойлаймын», – дейді Баян Мақсатқызы.

Продюсер беттегі нерв жүйесінің толықтай зақымданғанын айта келе, оны қалыпқа келтірудің мүмкін еместігін жеткізді.

«Әрине, психиканы қалыпқа келтіруден қарағанда бет-жүзіңді түзеу оңайырақ. Маған психологтар, достарым мен өзімнің мінезім көмектесті. Жалпы мен мықты адаммын», – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, экс-Есентаева айнадағы бет-жүзін көргенде қымсынатынын ашып айтты.

“Пластикалық отаға жүгінбес бұрын денсаулығымды қалыпқа келтіріп алуым керек. Бетімнің нерв жүйесі мен бұлшықеттері зақымданғанын айттым. Сондықтан дәл қазір хирургтың көмегіне жүгінуге болмайды. Егер барлығы сіздер ойлағандай оңай болса, әлемнің кез келген еліне барып, кесетінін кесіп, қалыпқа келтіре алсам, оны баяғыда жасар едім», – дейді Баян.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы экс-күйеуінің қаталдығы туралы бар шындықты айтты

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Қазақстан атынан “Оскарға” ұсынылатын кинокартина белгілі болды

“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар