Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы экс-күйеуінің қаталдығы туралы бар шындықты айтты

Баян Мақсатқызы өзінің тырнақалды кітабын Астана жұртшылығына таныстырды. Автограф-сессия өткізген экс-Есентаева жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі атақты продюсердің көйлегін сұрап, жұртты күлкіге қарық қылды.

Бұл туралы Sputnik-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ел күле қарағанымен, Мақсатқызының өзі жанкүйерінің бетін қайтармады. Ол бойжеткенге көйлегін жіберуге уәде етті.

«Сізге қандай көйлек? Жазғы, кешкілік? Әлде кез келген? Бірақ сіздің өлшеміңіз қандай? 46-48 шығар? Көйлекті жіберемін, бірақ оны кеңейтіп алуыңызға тура келеді», – деп түсіндірді Мақсатқызы.

Ал өзге бойжеткендер подюсерден диета мен оның отбасы жайлы сұрады.

“Адамның дене пішіні табиғаттан, яғни анаң мен әкеңнен беріледі. Бірақ оны жақсартуға әрі бір қалыпта сақтауға болады. Ерекше диета ұстанбаймын, бірақ тамақты аз мөлшерде тұтынамын, 150 граммнан артық емес. Газдалған сусын да, тәтті шырын да ішпеймін», – деп түсіндірді ол.

Қыздардың бірі жігіті не күйеуі әлденеге тыйым салса, не істеуге болатынын сұрады.

«Мен жастай тұрмысқа шықтым. Алғашқы күйеуім көп нәрсеге тыйым салатын. Бірақ әйел айтқанынан қайтпайтын, мінезді және мақсатшыл болуы керек», – деп атап өтті продюсер.

Жіберіп алмаңыз:

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен мені тастаған жоқ! Өтірікті доғарыңыздар

Экс-депутат Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады

Ерке мен Төреғалиге хит әндер жазған ақын ақша үшін қиянат жасағанын айтып өкінді

Талқылау