Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан атынан “Оскарға” ұсынылатын кинокартина белгілі болды

Елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған кинематография саласындағы “Тұлпар” ұлттық киножүлдесін салтанатты тапсыру шарасында “Оскар” сыйлығына Қазақстан атынан ұсынылатын фильмнің аты аталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

2018 жылы Американың киноиндустрия саласындағы беделді сыйлығын иелену үшін Қазақстан атынан режиссер Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” туындысы ұсынылатын болады. Ақан Сатаевтың фильмі отандық – 14, шетелдік 4 фильмнің арасынан жеңімпаз атанып отыр. Дауыс беру жабық түрде өткен болатын.  Енді бірнеше аптадан кейін “Анаға апарар жол” фильмін Америкаға жол тартып, оны сол жердегі киносыншылар көретін болады.

Аталған туындының бас продюсері – Әлия Назарбаева, ал режиссері – Ақан Сатаев. “Анаға апарар жол” картинасы өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің туралы. Фильмде ананың перзентіне деген шексіз махаббаты, перзентінің Отанына деген адалдығы көрсетілген.

Аталған картина осы уақытқа дейін 38-Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және “Еуразиялық көпір” атты фестивальдің, Қырғызстанның танымал кинематографистері ұйымдастыратын “Ақ ілбіс” ұлттық киножүлдесінің бас марапатын жеңіп алған. Сондай-ақ Нью-Йоркте өткен кинофестивальда үздік көркем фильм деп танылды.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі концертінде Қайрат Нұртас секілді шоу жасамайтын болды

Экс-депутат Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады

Әлішер Кәрімов қалыңдығының қалай сәлем салатынын көрсетіп жұртты шулатты

Камера алдында шешінген Әзімбаева жұртты еліктірді (фото)

Талқылау