Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жарыс кезінде төбелес шығарған бапкерлер 78 640 теңге көлемінде айыппұл арқалады

тренер төбелесФото: Видеодан скрин

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты балалар арасындағы грэпплинг турнирі кезінде бапкер мен төреші арасындағы төбелеске қатысты әкімшілік істі қарады. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тез таралып, қоғамда үлкен пікірталас туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода бірнеше ер адам бапкерлер өзара сөзге келіп, итерісіп, бір-біріне жұдырық сілтемек болғаны көрінеді. Оларды ажыратуға ата-аналар мен турнирге қатысушылар араласқан.

Тексеруден соң полиция Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғады.

"С және Ш қалалық турнир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен айналадағы адамдардың тыныштығын бұзған әрекеттер жасаған", – делінген сот қаулысында.

Сот отырысында төреші мен бапкер кінәсін мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза қолданбауды өтінген.

"Сот қаулысымен С мен Ш кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады сот.

Сот шешімдері әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Атырауда студенттер жаппай төбелесті: Полиция қылмыстық іс қозғады (видео)


“Реал” мен “Барселона” матчынан кейін футболшылар қақтығысып қалды


Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы жарыста екі бапкер жасөспірімдердің көзінше төбелескенін жазған едік. Бұл әрекет ата-аналардың наразылығын тудырып, спорт мәдениетіне сай келмейтін қылық деп бағаланды. Мектеп әкімшілігі төбелескендердің өз қызметкерлері емес екенін, ғимарат тек жарыс өткізу үшін жалға берілгенін айтты.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 15:18
Талқылау