Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында карантин шаралары жеңілдеді

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина өңірде карантин талаптарын күшейту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трц

Жаңа қаулыда мына нысандардың жұмысына рұқсат берілді. 

  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне;
  • балалар мен ересектерге арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары; 
  • демалыс үйлерінің қызметіне, сол жерде тұратын және жұмыс істейтін адамдарды тамақтандыра отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың асханалары жанындағы қоғамдық тамақтандыру объектілері; 
  • фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорт сауықтыру орталықтары;
  • сауна, СПА орталықтары;
  • мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі;
  • азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметі.

Бұған қоса, жаңа құжатта нысанның қызметкерлері қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейтіні айтылған. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген мекемеде міндетті түрде әлеуметтік арақашықтық сақталып, маска режимі сақталуы керектігі айтылған. 

Бұл ретте, COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа;штаттық кестеде 15 және одан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады.

Сонымен қатар, азық-түлік бөлімдерді, дәріханаларды, сұлулық салондарды, химиялық тазалаудықоспағанда, келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге 4 ш.м.орын арналған жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері алаңы 2000 ш.м. астамсауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын тоқтата отырып, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметі шектелсін. Балалар ойын алаңы мен аттракцион қызметіне тыйым салынды.

Аталмыш қаулы 2020 жылғы 14 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Қаңтар, 2021 20:36
Талқылау