Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақын Арон Атабектің қызы әкесін ақтау үшін петиция жариялады

Ақын Арон Атабектің үлкен қызы Алма Нұтышева әкесін ақтап, 18 жылға сотталуына себеп болған "Шаңырақ ісін" қайта қарауға шақырған петиция жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

алма нұтышева

2006 жылы Шаңырақ ауылында үйлерді сүріп тастамақ болған билік өкілдері жергілікті тұрғындардың қарсылығына тап болған еді. Салдарын жас полицей қаза тапты. Кейін бұл оқиға тарихқа "Шаңырақ оқиғасы" деген атаумен енді. Алма Нұтышеваның сөзінше, әкесі "еш дәлелсіз" жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрмеде азаптау мен қатігез қарым-қатынас салдарынан дертке шалдыққан. Атабек 2021 жылы күзде босап шыққан, алайда 8 аптадан кейін дүниеден өтті. 



"Арон Атабектің өлімінен кейін де мемлекеттік орган өкілдері маған, туған қызына, әкемнің өлімінің шын себебін білуге кедергі жасауда. Ресми хатта оның өкпе дертінен қаза тапқаны жазылған. Қайтыс болған соң жіліншігінен бөтен зат табылғанын мәлімдедім. Мәлімдемеге сәйкес, Әуезов ауданының полиция басқармасы мен прокуратурасы бөтен затты жойып, шағымданушы ретінде құқығымды таптады. Бөтен затқа тәуелсіз сараптама жүргізу мүмкіндігінен айырды", – делінген онлайн петицияда. 

Бүгінде петицияға мыңға жуық адам қол қойған. 

Алматыдағы Әуезов ауданыны прокуратурасы Атабектің өлміне қатысты қылмыстық істі коронавирус инфекциясынан мерт болды деп 24 наурызда жауып тастаған. Атабектің қызы әкесінің денесінен алынған бөтен зат туралы ақпаратты талап етуде. 

Алма Нұтышева өз петициясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Шаңырақ оқиғасына қатысты істі қайта қарап, Арон Атабекті саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тануға және ақтауға шақырады. 

Айта кетейік, бұған дейін Шаңырақ оқиғасына байланысты 15 жыл түрмеде отырған белсенді Арон Атабек бостандыққа шыққаны туралы хабарлаған едік. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 11 Мамыр, 2022 10:58
Талқылау