Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімнің көзінше ғана іске қосылған": Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені әлі қолданысқа берілмеген

Ақтөбе облысы Петропавловка ауылында жаңа спорт кешенінің жұмысы тоқтап тұр. Қарғалы ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, спорт нысаны ақпан айында пайдалануға берілген. Бірақ кешен әлі жабық. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Петропавловка ауылында спорт кешенінің құрылысы өткен жылы басталған. Ақпан айында жаңа нысанды бұрынғы облыс басшысы аралады. Залда жаттыққан жас спортшыларға волейбол және футбол киімдері мен доптар табысталды. Алайда содан бері балалар ФОК табалдырығын аттаған жоқ.

“Әкім келді, волейбол ойнады-мыс, спорт кешегі жұмысын бастағандай болды. Ол кеткен бойда бәрі қайтадан жабылды. Құжат бойынша тапсырылды. Бірақ бәрі қалай болса солай жатыр, сорғыш оқшауланбаған, бәрінің тозығы жеткен”, – деді ауыл тұрғыны Нұрбек Сейілов.

Шенеуніктердің айтуынша, нысан құрылысы биылғы жазда аяқталған.

“Ресми тұсаукесері болған жоқ, жұмыс сәттері ғана болды. Олар оны тамыз айында қабылдады. Ауданның теңгеріміне өтеді, содан кейін штатқа бөлінеді, әзірге штат жоқ”, – деді Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзағұлов.

Жаңа спорт кешеніне 240 жас спортшы келе алады. Мұнда футбол, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика секциялары жұмыс істейді. Нысанның құрылысына 270 миллион теңге жұмсалған. Оның құрылысына аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

“Жер актісін рәсімдеуде қиындықтар болды. Қазір аудан әкімдігімен бірлесе отырып, барлығын ретке келтіріп жатырмыз. Жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін нысанды аудандық теңгерімге береміз”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Әзірге шенеуніктер қағазбастылықпен айналысады, мектептің спорт залында бұрынғыдай жас спортшыларға арналған секциялар өтіп жатыр.

Талқылау