Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім көмірді тамызда алып қоюға шақырды: Талдықорған тұрғындарына алда дүрлігу болуы мүмкін екенін ескертті

Талдықорғанның әкімі Әсет Масабаев тұрғындарды суықтың түсуімен дүрлігу басталмауы үшін тұрғындарды көмірді ертерек алып қоюға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көмір

Брифинг барысында Әсет Масабаев қалада көмір алуға арналған 11 орын бар екенін, оның 10-ы жұмыс істеп тұрғанын айтты. 

"Көмір тупиктері үшін бір жылдық жоспар 168,9 мың тонна, оның 70 мың тоннасы Талдықорған қаласына арналған, 83,9 мың тоннасы жақын маңдағы Ақсу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласы үшін, 13 мың тоннасы коммерциялық ұйымдар үшін. Бүгінгі таңда 1 мамырдан бері 23,3 мың тонна көмір өткізілді. 12,7 мың тонна көмір бар, барлық тупиктер көмірмен қамтылған", – деді әкім. 


 


Оның айтуынша, көмір алатын орындарда бір тоннасының орташа бағасы 14 400-15 000 теңге аралығында. Бұл жеткізу бағасын қоса есептемегенде. 

"Біз қазір тұрғындарды, мүмкіндік болса, көмірді ертерек тамыз немесе қыркүйекте айларында алып қоюға шақырамыз. Себебі суық түскенде, қазаннан бастап дүрлігу басталады. Мұнда көрш аудандардан адамдар келеді. Бұл – жылда қайталанатын жағдай", – деді Әсет Масабаев. 

Талқылау