Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкелерінің қайтыс болғанын білмеген балалар оған арнап жантебірентерлік құттықтау жазды

Әкелерін Рождество мерекесімен құттықтамақшы болған балалар оған арнап жантебірентерлік видео түсіріп, ізгі-тілектерін жеткізді. Бірақ, өкінішке орай әкелері балаларының құттықтауын ести алмады. Ол ұлдары атаулы мерекемен құттықтауға дайындалып жатқанда, бірнеше сағат бұрын ауруханада көз жұмды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әкелерінің қайтыс болғанын білмеген балалар оған арнап жантебірентерлік құттықтау жазды

Ал, оның жұбайы Калли Джеффор сегіз жасар Харрисон мен жеті жасар Эштонға және бес жасар Джаксон Джонға әкелерінің қайтыс болғанын айта алмады. Бірақ, әкелерін асыға күтіп жүрген балалар бұл қайғылы хабарды естуге мәжбүр болды.

Әкелерінің қайтыс болғанын білмеген балалар оған арнап жантебірентерлік құттықтау жазды

«Балаларыма шындықты айтпау, оларды азаптаумен бірдей болды. Бірақ, Рождество мерекесі олардың есінде қайғылы күн ретінде еске қалмасын деп, мейрамның өткенін күттім. Дегенмен, медбике Джонның бауыры сәтті трансплантацияланғанын айтты. Және мен балаларға әкелерінің бір адамның өмірін құтқарғанын, сонымен бірге біз оны мақтан тұтуымыз керектігін айттым»,- дейді балалардың анасы Калли Джеффор.

Әкелерінің қайтыс болғанын білмеген балалар оған арнап жантебірентерлік құттықтау жазды

Әкелерінің донор болғаны және басқа бір адамның өмірін құтқарғаны балаларға оның жоқтығын сезінбеуге көмектесті. Каллидің айтуынша, олар әкелерінің қайтыс болғанын білгендей болды.

Джон 1-ші типті қант диабетінен зардап шекті, бірақ ол соған қарамастан өзін тамақтан шектеген емес. Нәтижесінде, оның бүйрегі 30% ғана жұмыс істеп, Джон шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.

Әкелерінің қайтыс болғанын білмеген балалар оған арнап жантебірентерлік құттықтау жазды

Алайда, дәрігерлердің қолынан тек бүйрек пен ұйқы безін трансплантациялау ғана келді. Содан кейін Джон донор күтушілердің тізіміне енгізілді. Бірақ, отаның қай уақытта жасалатынын ешкім айта алмады.

Өкінішке орай, Джонның жағдайы күннен күнге нашарлай берді және оған қан тамырлары деменциясының диагнозы қойылды. Тіпті, ол балаларын да танымайтындай хәлге түскен күндер болды. Дегенмен, Рождество мерекесінде оның жұбайы науқас күйеуін үйге алып кетуге шешім қабылдап, отбасылық мереке ұйымдастыруға шешім қабылдады. Бірақ, ол ауруханаға келгенде күйеуі жансақтау бөлімінде жатқан.

«Бөлмеге кіргенде, дәрігерлер Джонның қайтыс болып кеткенін айтты. Ол кезде балалар үйде болған және әкелері Рождествода үйге келеді, деп күтіп отырды»,- дейді аналары Калли Джеффор.

Талқылау