Ақбота Сейтмағанбет: Мені балағаттап жандарыңыз жай тапқан шығар
Ақбота Сейтмағанбет желіде екі ұшты жазбасын бөлісті. Ол халықтың шындықты білмейтінін тілге тиек етті.
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Өткен сенбіде әнші кинодағы сүйіктісі Дәурен Айдарқұловпен бірге түскен суретін желіге жүктеді. Олардың кинодағы махаббаты шынайы өмірге ұласқан сыңайлы. Тіпті, ата-аналарымен бірге түскен суретті де жүктеген-ді. Бұдан кейін ол ақ босаға аттап, келін болғанын дәлелдеген суретті көрсетті. Артынша жұрттың бар шындықты білмейтінін жария етті.
«Шындықты білмей жатып, балағат сөздер айтып, жандарыңыз тыныштық тауып жатқан шығар?! Бәрі өз уақытымен», – дейді Ақбота Сейтмағанбет. Бұл жазбасына көптеген жағымсыз пікір жазылатынын ол алдын ала болжаған сыңайлы. Осы орайда, пікір жазуды шектеп қойыпты. Әзірге әншінің бұл сөздерімен нені меңзегені белгісіз.
Айта кетейік, Баян Есентаева “КешYou” тобынан Ақботаның кететінін хабарлаған соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіп кетті. Себебі өз сөзінде танымал продюсер Ақботаның өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан еді. Соған қарап жұрт Ақботаны фильмдегі жұбы Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың әйелімін деп таныстырған әйелдің парақшасы пайда болған. Онда әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған. Алайда кейінірек әнші бұл ақпаратты жоққа шығарды. Десе де әнші ақырында Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты. Ел арасында “Ақбота Дәуреннің тоқалы болуға келісті” деген сыбыс та тараған.
Жіберіп алмаңыз:
Сая Оразғалиева: Сүйіктім Құдайдан Тәуекел екеумізді сүйісіп қоймаса екен деп тілеп жүр
Димаш 45 мемлекетте таралатын журналдың мұқабасына шықты (фото)