Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Асанәлі Әшімовке ақ боз ат сыйлады

Аңызға айналған театр және кино актері Асанәлі Әшімов 80 жасқа толды. Шымкентте актерге ат мінгізіп, облыстың құрметті азаматы деген атақ берді.

Безымянный

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Асанәлі Әшімов тек қазақстандық ғана емес, ресейлік және әлемдік кинематографияның аңызына айналған актер. 1957 жылдан бастан киноларға түскен ол, бірқатар басты рөлдерді сомдап, режиссерлік қызметтер де атқарды.

Әшімов ойнаға фильмдер қатарында айтулы “Транссібір экспресі”, “Сіз кімсіз, Ка мырза?”, “Атаманның ақыры”, “Қыз жібек”, тағы да басқа кинолар бар.

Кеше Шымкенттегі жастар ресурсы орталығында “Аңызға айналған Асанәлі” деген атаумен салтанатты кеш өтіп, атақты актерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдап, 80 жас мерейтойымен құттықтады.

“Бұл мерейтойлы күнде мен сіздің көпжылдық елеулі еңбегіңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан, сіздің миллиондаған көрермендеріңіздің атынан сізге “Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” деген атақты табыс етуге рұқсат етіңіз. Сізге зор денсаулық, жаңа шығармашылық жетістіктер, отбасыңызға бақыт тілейміз”, – деді Түймебаев.

Облыс басшысы актердің иығына шапа жауып, ат мінгізді. Әрі қарай кеш музыкалық рәсімге ұласты.

Оқи отырыңыз:

Димаш «Дайдидауды» орындап болған соң еңкілдеп жылаған

Қытайлық қарсыласы: Барлығы Димашты “менің шетелдік інім” деп санайды

Мейрамбектің әнін нақышына келтіре орындаған армян қызы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

Талқылау