Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық қарсыласы: Барлығы Димашты “менің шетелдік інім” деп санайды

Singer жобасына 7-кезеңде қосылған жаңа қатысушы Димаштың талантын жоғары бағалап, оны «Властелин колец» фильміндегі эльфтардың ханзадасы Леголасқа теңеді, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш и китаец-030317

«Дайдидау» әнін орындағаннан кейін Ли Джиан (Li Jian) Димаш туралы:

«Ол шамамен 20 жаста болса да, өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Эмоционалдық тұрғыдан әнді шебер орындады. Меланхолияның бұл түрін сезімді бастан өткерген адам ғана жеткізе алады. Бұл жасандылықтан немесе ойыннан емес, таланттан туады», – деді.

Сондай-ақ, Ли Джиан өзінің Димаштан 20 жасқа үлкен екенін атап өтті.

«Барлығы оны менің шетелдік інім деп атайды. Алайда ол менің інім бола алмайды, ол тек менің «шетелдік жиен інім» бола алады», – деп түйіндеді сөзін Димаштың қарсыласы.

Айта кетейік, 7-кезеңде Димаш қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындап үздік үштіктің қатарына кірді. Ал 8-кезеңде Димаш қытай әнін айтып, 5-орынға сырғыды. Есесіне жерлесіміз келесі кезеңге жолдама алды.

Жіберіп алмаңыз:

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Танымал ақын Димаш орындаған “Адажио” әнін қазақша сөйлетті (видео)

Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды

Нұрлан Әлімжан “жас келіншегі үшін балаларын тастап кетті” дегендерге жауап берді (видео)

Талқылау