Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері әрі ресми өкілі Алпамыс Шәрімов «I am a Singer» жобасын «Евровидение» немесе «Жаңа толқын» сынды байқаулармен шатастырмауды өтінді. Ол Димаштың жанкүйерлерін бейресми ақпараттарға сенбеуге шақырды. Бұдан бөлек, Димаш қатысып жатқан жобаға тек «сен тұр, мен атайын» дейтін нағыз мықтылардың қатысып жатқанын айта келе, ол бірінші эфирден бері жобада Димашпен бірге небәрі екі әнші қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш-030317

«Осы аптаға арналған жарнама роликті жариялай отырып, «I am a Singer» жобасы туралы кейбір ақпараттарды назарларыңызға ұсынып түсіндіргім келеді.

1. Осы аптада 7 эфир көрсетілімге шығады. Димаш қазақ әні “Дайдидауды” шырқайды. Димашқа өзімен бірге оқитын Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студент достары көмектесетін болады.

2. Ең алғашқы эфирден бері қарай 3 әнші ғана қалды. Димашпен бірге Сэнди Лэм және “Лион” тобы.

3. Қалған әншілер одан кейін келіп қосылған әншілер. Бірақ, барлығынын жеңіске деген мүмкіндігі бірдей. Жобаның аты “Мен әншімін” деп аталады. Яғни, әнші болсаң, ортадан келіп қосылған әншілерге қарсы тұра білуін керек, сылтау іздемеу керек, әділетсіздікті көрмеу керек. Тағы да айтамын, бұл “Битва Титанов”!

4. Бәз біреулер, бұл әшейін бір облыстық арнаның бағдарламасы. Белгісіз бір бағдарлама деп, әлі күнге дейін бөксіп жүр! Рейтинг ең төмені 28.8% алатын “The Singer” жобасы қытайдағы ең көп қаралатын жобалардың ең үздігі болып табылады.

5. Кейбір сайттар үшінші орын алып қалған сәтте “таңқалдыра алмады”, “жеңіліс тапты”, “соңғы орын алды”, “ұтылды” деп жарыса жазып жатыр! (әрине тақырыбы солай болса оқырманы көп болады деген мақсат қой, десек те…) Қателеспеңіз! Бұл байқау сіздер көзге үйренген “Жас қанат” пен “Азия дауысы” немесе “Новая волна” мен “Евровидение” емес! Системасы мүлдем бөлек! Тағы да айтамын, танымал әншілердің жарысы болғандықтан, “Титандардың шайқасы” болғандықтан, “Сен тұр мен атайындардың” сайысы болғандықтан, 7 немесе 8 ғана қатысушы апта сайын (байқаудан тыс қалып және жаңа әншілер қосылып отырады) қатысқандықтан 1,2,3,4,5,6,7,8 орындар беріледі. Бұндағы 1-ші орын әрине жеңіс! 2,3,4,5,6-шы орындар жаман деген сөз емес, жобада қалды, жақсы орындар! 7, 8 орындар қауіпті орындар болып табылады! Сондықтан, 3,4,5,6-шы орындар алғанда Олимпиадада қола алғанмен бірдей көріп қуансаңыздар болады! Оның өзі үлкен жетістік Бұл жобада! Ең бастысы, әдемі өнер көрсету!

6. Қазақстан көретін жобаның бір бөлігі ғана. Бұл тек ән байқауы емес. Реалити шоу. Әнші үнемі камера бақылауында. Естеріңізде болса, Қазақстанға да сол камералармен келгенбіз!

7. Дайындыққа тек бір апта уақыт беріледі. Сондықтан, кейбір бейресми ақпараттарға сене бермеңіздер!» – дейді Шәрімов.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 8-кезеңде қытай әнін орындап, бесінші орынды иеленді. Ол жобаны әрі қарай жалғастырады.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас елбасының Заңдағы 26-бапқа қатысты ұсынысына пікір білдірді

Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды

Көрші баладан ұялып отырған Майғазиевтің қызы көпшілікті сүйсінтті (фото)

Бақытбек Есентаев өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты

Талқылау