Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытбек Есентаев өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты

Продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев өзіне қолдау білдіріп, тілеуін тілеген барша жандарға алғысын жеткізді. Абақтыда жатқан ол сәлемін қарындасы Нағима Есентаева арқылы айтты.

Есентаевы-2-270217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін алғыс айту күні. Ағатайым сіздерге, ел-жұртына, халқына, аға-інілеріне, әпке-қарындастарына, достарына, жиендеріне, нағашыларына жерлестеріне, тілеулес болған, ниеттес болған барша жандарға үлкен-үлкен алғысын жолдады. Барша халқым аман-есен болсын”, – деп жазады Бақытбек Есентаевтың қарындасы.

Желі оқырмандары Есентаевтың алғысына жылы лебіздерімен жауап берді. Көпшілік оның тезірек бостандыққа шығуын тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Нағима Есентаева ағасын отан қорғаушылар күнімен құттықтап, оның отбасы жайында бар шындықтың бетін ашқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Батырхан Шүкеновтің жеке альбомы жарық көретін болды

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

Тұрсынғали Алагөзов: Сенбеңіздер! Мен әйеліммен ажырасамын

Танымал ақын Димаш орындаған “Адажио” әнін қазақша сөйлетті (видео)

Талқылау