Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

Қытайдағы “Singer-2017” жобасына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов жобаның сегізінші кезеңінде қытай тілінде ән салады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

8998

Байқауға қатысушылар ертең болатын түсірілімде шырқайтын әндеріне дайындық жасап жатқандарын әлеуметтік желілерде жариялап та үлгерді. Ал Димаш бұл кезеңде танымал қытай әншісі Хан Хунның “Таң атты” деген әнін орындайды.

Хан Хун “I am singer” байқауының үшінші кезеңінде бірінші орын алған. Және ол осы “Таң атты” әнімен бірінші кезеңде-ақ көш басына шыққан еді. Өз кезегінде Димаш Хан Хунның шығармашылығымен жақсы таныс екенін атап өтті.

Жобаның жетінші кезеңі эфирде 4 наурыз күні көрсетіледі. Бұл кезеңде халық әні “Дайдидауды” орындаған Димаш үшінші орыннан көрінген.

Оқи отырыңыз:

Әкесін туған күнімен құттықтаған Мейрамбек Бесбаев көптің жүрегін елжіретті (фото)

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарына ұнамай қалды (фото)

Көңілдесті сомдаған актриса: Жұрт мені көшеде ұстап алып ұрсады

Тұрсынғали Алагөзов әйелімен қайта татуласпақшы

Талқылау