Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкеновтің жеке альбомы жарық көретін болды

Батырхан Шүкеновтің атындағы қор музыканттың туған күні қарсаңында жаңа тарту ұсынады. Әншінің аяқтап үлгермеген су жаңа әндерін өңдеп, демо-нұсқаларын топтастырып, су жаңа ән жинақ шығарады.

шукенов-020317

Бұл туралы Zhuldyz.tv хабарлады.

Батыр көзі тірісінде «Отан ана», «Сағым дүние» деп аталатын жұмыстарының жарық көруіне себепші болған достарына алғыс айтқан еді.

Батыр атындағы қор директоры Олжас Байқанов әншінің досы Қайрат Боранбаевпен келіссөздер жүргізген. Жақында жанашыр достары әншінің жанкүйерлеріне жаңа альбом ұсынады. Онда әлі ешкім тыңдап үлгермеген әндер бар. бұның бәрі әншінің аты ұмытылмасын деген игі ойдан туған идея.

Егер көзі тірі болса, Батыр биылғы жылдың 18 мамырында 55 жасқа толар еді.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынғали Алагөзов: Сенбеңіздер! Мен әйеліммен ажырасамын

Қызылордалық жасөспірім Ләйлә Сұлтанқызына гитарада ойнауды үйретті (видео)

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

Әкесін туған күнімен құттықтаған Мейрамбек Бесбаев көптің жүрегін елжіретті (фото)

Талқылау